АҚШ-та оқушы мектепке қарумен келіп үш адамды атып өлтірді, 8 адам жарақат алды

АҚШ-та оқушы мектепке қарумен келіп үш адамды атып өлтірді, 8 адам жарақат алды

АҚШ-та оқушы мектепке қарумен келіп үш адамды атып өлтірді, 8 адам жарақат алды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Мичиган штатындағы мектептің бірінде 15 жастағы жасөспірім үш оқушыны атып өлтірді және тағы сегіз адамды жарақаттады, соның ішінде мұғалім де бар, – деп жазды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. Шабуылдың құрбандары 16 жастағы мектеп оқушысы және 14 және 17 жастағы қыздар. Зардап шеккендердің екеуіне ота жасалды, жарақат алған тағы алты адамның жағдайы ауыр. Иығынан жараланған мұғалім ауруханадан шықты. Полицияның хабарлауынша, оқ атқан оқушы өткен жұма күні әкесі сатып алған жартылай автоматты тапаншаны қолданған. Оқиғаның қалай өрбігені әлі белгісіз. Тергеушілер жасөспірім қаруды мектепке сөмкесіне салып әкелген, сосын дәретханаға апарып, сол жерден алып шығуы мүмкін деген болжам бар.