Қарағанды тұрғыны жәрдемақы алу үшін ағасының өмірден өткенін 13 жыл жасырып келген

Қарағанды тұрғыны жәрдемақы алу үшін ағасының өмірден өткенін 13 жыл жасырып келген

Қарағанды тұрғыны жәрдемақы алу үшін ағасының өмірден өткенін 13 жыл жасырып келген
ашық дереккөзі

Қарағанды тұрғыны жәрдемақы алу үшін ағасының өмірден өткенін 13 жыл бойы жасырып келген, деп хабарлайды turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Ол тіпті марқұм ағасына ұқсайтын адамды нотариусқа апарып, жәрдемақы алатын сенімхат мерзімін ұзартып жүрген. Қылмысы әшкере болған азаматтың мемлекетке 5 миллион теңгеге жуық шығын келтіргені анықталды.
Қазыбек би ауданы сотының шешімімен Қасенов үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Осы мерзім ішінде ол пробациялық бақылауда болады. Сот шешімімен  отбасының қалған мүшелері куәгер ретінде танылды. Өйткені аталған азамат оларды жәрдемақының тоқтатылмауы заңға сейкес деп алдап келіпті, - дейді Қарағанды облысы экономикалық қылмыстарға қарсы департаментінің ресми өкілі Зарина Құсманова.