Зардап шеккендер бар: Қостанай облысында көлік пен пойыз соқтығысты

Зардап шеккендер бар: Қостанай облысында көлік пен пойыз соқтығысты

Зардап шеккендер бар: Қостанай облысында көлік пен пойыз соқтығысты
ашық дереккөзі

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында пойыз теміржол өткеліне шығып кеткен жеңіл көлікпен соқтығысты деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«2021 жылғы 27 қарашада таңғы сағат 5 шамасында Бейімбет Майлин ауданындағы Елизаветинка ауылынан бір шақырым жерде «Volvo» жеңіл көлігін жүргізіп келе жатқан Өзбекстан Республикасының 30 жастағы азаматы жол бермей, теміржол өткеліне шығып кеткен. Салдарынан «Қостанай-Тобыл» бағдарымен келе жатқан пойызбен соқтығысты. Локомотивті жүргізіп келе жатқан 34 жастағы ер адам пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болды», - деп мәлімдеді ПД.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Volvo» көлігінің жүргізушісі мен жолаушы түрлі жарақаттармен Рудный ауруханасына жеткізілген.