9-қабаттан секірген әйелдің өз-өзіне қол жұмсар алдында жазған хатының жалғасы жарияланды

9-қабаттан секірген әйелдің өз-өзіне қол жұмсар алдында жазған хатының жалғасы жарияланды

9-қабаттан секірген әйелдің өз-өзіне қол жұмсар алдында жазған хатының жалғасы жарияланды
ашық дереккөзі
2702

Алматыда 9-қабаттың терезесінен алдымен үш баласын лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен әйелдің туыстары бар шындықты жайып салды. Әйелдің ақтық хатының жалғасы да бар екен.

Бұл туралы aiqyn.kz жазды. Марқұмның туған әпкесі Жанар Қыдырбаева сіңлісі өз-өзіне қол саларының алдында жазған хатының жалғасы бар екенін айтты. Бақтыгүлдің туған әпкесі Жанар Қыдырбаеваға қанды оқиғадан соң күйеубаласы хабарласып, құзырлы органдарға еш нәрсені ашып айтпауын өтініпті. Әйтсе де, ашынған әпке білетін ақпаратын БАҚ өкілдеріне айтуды жөн көрген. Оның айтуынша, сіңлісі тамыз айында күйеуінің көңілдесі бар екенін біліпті. Содан бері айрандай ұйып отырған отбасының шырқы бұзылған. Бұл оқиғадан келіншектің ата-енесі де хабардар.
– Бақтыгүл, негізі, отбасындағы мәселелерді ешкімге айта бермейтін. Күйеуін де жамандамаған. Тамызда маған хабарласып, күйеуінің Эльвира есімді көңілдесі барын айтты. Ол көңілдесінің аяғы ауыр екен. Арада жанжал болған. Күйеуі көңілдесінен ақша ғана керек екенін, отбасы, бала-шағасы қымбат екенін айтыпты. Бәрі жақсы болады деп уәде еткен. Сіңлімнің Алматыда аяқтан тұрамын деген жоспары болды. Өзін немесе балаларын өлтіру деген ойы болған жоқ еді. Біздің ойымызша, бұл жағдайға күйеуі мен көңілдесі жеткізді. Сіңлім суицидке қызғаныштан, күйінгеннен барды деп отырмыз, – деді Жанар Қыдырбаева.
Жанардың айтуынша, күйеубаласы мен көңілдесінің арасындағы байланыстың басталғанына екі жылдай уақыт өткен болуы мүмкін. Жанар Қыдырбаева күйеубаласы құмар ойынға әуес екенін де растады. Оның айтуынша, сіңлісінің үйіне қонаққа барғанда ойын карталары, казино фишкалары мен линзаны көрген. Сонымен қатар Жанар Қыдырбаева сіңлісі жоқшылықтан өз-өзіне қол салды дегенге де сенбейді.
«Күйеуі үйге тұрақты түрде ақша әкеліп тұрған. Менің ойымша, көңілдесі ақша беріп тұрған сияқты. Қалтасында буат-буат ақша жүреді деп айтатын бауырым, – дейді Жанар.
Сондай-ақ Жанар сіңлісі өлер алдында жазған хаттың жалғасы туралы да айтты.
— Хатта «Бұл өмірдің мәні қалмады. Өмір сүргім келмейді. Мені кешіріңіздер. Кінәлілер өздерін біледі» деп жазылған. Мен мұндағы кінәлілер деген күйеуі мен қайын жұрты деп ойлаймын. Себебі ол кісілер арада басқа әйелдің бар екенін білген. Хаттың екінші парағында үлкен кемпірқосақтың суретін салып, «Менің осы жағдайымды әпкеме ғана жеткізіңіздер. Мен әпкемді жақсы көремін, әпкем ғана маған жанашыр» деп, менің телефон нөмірімді үш рет жазған», – деді марқұмның әпкесі.

А. Шахмардан

Серіктес жаңалықтары