7450
Лимонның сіз білмейтін пайдасы
Лимонның сіз білмейтін пайдасы
Лимонның қабығы да, шырыны да биологиялық белсенді заттарға бай. Сондықтан оның пайдасы да көп. Әсіресе күз бен көктемде ағзаға өте пайдалы.
- С дәрумені дененің қорғаныс функциясын сақтау үшін қажет екенін бәрі біледі;
- Лимонды көбінесе басқа жаққа көшіп барған адамдар тұтынуы керек (дәлірек айтқанда климат ауыстырған). Яғни цитрус акклиматизацияны жеңілдетеді;
- Лимон мен бал қосылған шай көктем мен күзде иммунитетті көтеруге мүмкіндік береді. Цитрус патогендік микрофлораны көбею сатысында тоқтатады, тұмау мен ЖРВИ-дің алғашқы симптомдарын басуға, дене температурасын төмендетуге, терлеуге көмектеседі;
- Енді ғана жазылған немесе отадан шыққан адамның тәбетін арттырады;
- Ішек микрофлорасын жақсартады;
- Ағзаны токсиндерден тазартады;
- Тағамдағы қоректік заттардың жақсы сіңуіне ықпал етеді;
- Ұйқышылдық пен шаршауды басады;
- Тырнақты пен шашты қатайтады;
- Лимон темір мен калийге бай. Қан құрамы мен қан айналымын жақсартады;
- Қант диабетін жеңілдетуге көмектеседі;
- Жүкті әйелдерге токсикоз кезінде таптырмас көмек;
- Ағзаға жеткіліксіз витаминдердің орнын басады.
А. Шахмардан