886
Шымкентте зейнеткерді өз балалары баспанасыз далада қалдырған
Шымкентте зейнеткерді өз балалары баспанасыз далада қалдырған
Шымкентте зейнеткерді өз балалары баспанасыз далада қалдырған, деп хабарлайды turkystan.kz newtimes.kz-ке сілтеме жасап.
75 жастағы зейнеткер "Көмек" орталығында тұрады. Оны өз балалары үйсіз қалдырғандықтан, бірнеше күн бойы көшеде жүрген. Зейнеткер үйін сатып, ақшасын ұлдары мен қыздарына бөліп берген де, өзі үлкен қызының қолына көшкен. Бірақ үлкен қызымен қарым-қатынасы бұзылып, кетуге мәжбүр болған. Саламат Рахманқызы 75 жаста. Әйел Шымкент қаласында туып өскен, өмір бойы ауруханада медбике болып жұмыс істеген. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін оның бес баламен қалған."Оларды жалғыз өзім асырап-жеткізуге тура келді. Тынбай еңбектендім, 90-жылдары аздап қиын болды. Бірақ бәрі аман-сау ер жетті", - дейді зейнеткер.Адвокат Евгений Яворскийдің айтуынша, қарттарды балалары немесе немерелері алдап, мүлкін өз атына жазғызып, кейін көшеге қуып шығатын жағдай көп кездеседі екен. Адвокат қарттарды жосықсыз нотариустардан заңды түрде қорғау керек дейді. Әзірге тұрғын үйді тек сот арқылы қайтаруға болады. Ал Саламат апа ешкімге ауыртпалық түсіргісі келмейтінін, тек бір нәрсені - қалған өмірін тыныш өткізуді қалайтынын айтады.
А. Шахмардан