__Маңызды

ШҚО-да мемлекетке 900 млн теңге залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

ШҚО-да мемлекетке 900 млн теңге залал келтірген қылмыстық топ әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігінің сайтына сілтеме жасап.

Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Я.Москвина, К.Даирбаев және Ф.Романовтардың ұйымдасқан қылмыстық тобының жолын кесті, – деп жазылған агенттік мәлімдемесінде.

Олар жалған фирмалардың атынан жалған бухгалтерлік құжат жазып берумен айналысқан.

Мемлекетке келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы – 900 млн теңгеден асады.

Қылмыстық топ мүшелері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Back to top button