Бюджеттен 22 миллион теңге жұмсалған «ақылды аялдамалар» сол күйі істемей тұр

Бюджеттен 22 миллион теңге жұмсалған «ақылды аялдамалар» сол күйі істемей тұр

Бюджеттен 22 миллион теңге жұмсалған «ақылды аялдамалар» сол күйі істемей тұр
ашық дереккөзі
50286

Қызылорда облысында бюджеттің миллиондары жұмсалған «ақылды аялдамалар» жобасы аяқсыз қалды. Әкімдік осыдан екі жыл бұрын 22 миллион теңгеге электронды ақпараттық тақтайшалар сатып алып, оны аялдамалардың маңына орнатып еді. Бұл тақтайшаларда қоғамдық көліктердің жүру кестесі көрсетілуі керек болған. Бірақ, содан бері осы ақпараттық тақтайшалардың бір де бірі іске қосылмай, босқа тұр. Ал әкімдік қаншама ақша кетіріп, қарапайым халық әлі күнге пайдасын көрмеген таблоларды іске қосу үшін тағы да бюджеттен ақша алмақ, – деп хабарлайды 31-арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы.  Қаланың орталық көшелеріндегі аялдамалардың маңына 2019 жылы электронды ақпараттық тақтайшаның 26-сы орнатылған. Оған бюджеттің 22 миллион теңгеге жуық қаржысы жұмсалған. Табло қоғамдық көліктердің бағыты мен жүру кестесін көрсету керек. Бірақ, екі жылдан бері бірде-бір рет іске қосылмай, ел игілігін көрмепті. Тұрғындар шаң басқан тақтайшалардың не үшін тұрғанын да түсінбейміз, дейді. Қаладағы қоғамдық көлік мәселесінің өзін реттей алмай отырған әкімдік мұндай тақтайшаларды орнату арқылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дамытпақ болған екен. Осылайша «ақылды аялдама» жасағылары келген. Жауаптылардың сөзінше, сол уақытта қаражат тақтайшаларды орнатуға ғана бөлініпті. Ал оны іске қосу үшін тағы да бюджетке алақан жайып отыр.

«Бюджеттің мүмкіншілігіне қарай электронный бағдарлама орнату үшін автобусный парктің автобустарына ғана жасалған. Енді оны әрмен қарай орындау мақсатында бюджеттен 6 млн теңге ақша бөлініп, қазіргі таңда сатып алу конкурсы жарияланған. Дегенмен, бөлім басшысының орынбасары екі жылдан бері ел игілігін көрмеген тақтайшалар әлі де жарамды дейді. Сондықтан, «ақылды аялдама» жобасы аяқсыз қалмайды деп сендірді», – деді Қызылорда қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Дархан Бахтияров.

 

Серіктес жаңалықтары