Мүгедек адамның мойнына 5 кредит ілген 18 жастағы қыз ұсталды

Мүгедек адамның мойнына 5 кредит ілген 18 жастағы қыз ұсталды

Мүгедек адамның мойнына 5 кредит ілген 18 жастағы қыз ұсталды
ашық дереккөзі
938

Қарағанды қаласында 18 жастағы қыз мүгедек адамның мойнына 5 бірдей кредит іліп, соңғы ақшасын өз есепшотына аударып алған, деп хабарлайды turkystan.kz KTK арнасына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, Октябрь ауданы полиция бөліміне 52 жастағы мүгедек әйел арызданған. Белгісіз біреу оның атынан үш кредит рәсімдеп, 459 мың теңгесін басқа есепшотқа аударып алған. Шығынның жалпы сомасы - 1 миллион 804 мың теңге. Күдікті жәбір көрген әйелге қарап жүрген.
"9 қараша күні жедел іздестіру шаралары барысында 18 жастағы қыз ұсталды. Ол кінәсін мойындады. Күдікті жәбір көрген әйелге қарап жүрген. Жеке мәліметтерін біліп алғаннан кейін арам ойын іске асырған", - дейді полицейлер.
Тергеу кезінде күдіктінің мүгедек әйелдің атына тағы екі кредит рәсімдегені анықталды. Осылайша оған келген залалдың жалпы көлемі 2 миллион 784 теңгеге жетті. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

А. Шахмардан

Серіктес жаңалықтары