Жаңалықтар

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне Әлімұхаммед Құттұмұратұлы тағайындалды, – деп хабарлайды turkystan.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлимұхаммед Құттұмұратұлының экономика және құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар, сондай-ақ, ол – Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының MPA (Master of Public Administration) магистранты.

  • 2008 жылдан 2012 жылға дейін жергілікті атқарушы органдар жүйесінде түрлі лауазымдарды атқарды.
  • 2012-2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
  • 2016 жылдан 2017 жылға дейін Махамбет ауданының әкімі қызметін атқарды.
  • 2017-2018 жылдары – Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі.
  • 2020 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін «Жайықмұнай» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

Әлімұхаммед Құттұмұратұлы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысын басқарып отырған Нұрлан Ноғаев Атырау облысының әкімі болғанда да бірге жұмыс істеген.

Back to top button