Ауыл әйелдері арасындағы байқау төбелеске ұласты: Мемлекеттік қызметкер жеңімпаз әйелді соққыға жыққан

Ауыл әйелдері арасындағы байқау төбелеске ұласты: Мемлекеттік қызметкер жеңімпаз әйелді соққыға жыққан

Ауыл әйелдері арасындағы байқау төбелеске ұласты: Мемлекеттік қызметкер жеңімпаз әйелді соққыға жыққан
ашық дереккөзі
1177

Павлодар облысында мәдениет үйінің меңгерушісі 1 тонна көмір ұтып алған байқаудың жеңімпазын қызғаныштан ұрып кеткен.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қозыкеткен ауылында болған. Жақында ауылда үлгілі әйелдер байқауы өтіп, бас жүлде алған жеңімпазға бір тонна көмір сатып алатын сертификат беріліпті. Алайда ауылдастарының таңдауы байқау өткен мәдениет үйінің 30 жастағы қызметкеріне ұнамаған көрінеді.
"Мәдениет үйінің қызметкері үйге баса көктеп кіріп, байқау жеңімпазын ұрып-соққан. Оның айғайынан үйде ұйықтап жатқан кішкентай балалар оянып, қорқып қалған. Пәтер иесінің тынышталып, үйден кету туралы өтінішіне жауап бермеген", – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен әйел бірден шағым түсірмепті. Сот мәліметтеріне сүйенсек, жәбірленушінің беті, аяқ-қолы көгеріп жырылған. Сарапшылар денсаулыққа жеңіл зиян тиді деп бағалады. Успен аудандық соты Қозыкеткен ауылының мәдениет үйінің қызметкерін ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша кінәлі деп танып, әкімшілік тәртіппен 15 айлық есептік көрсеткішке айыппұл салды. Сот құжатында сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, айыппұл сомасын отыз пайызға, 30 628 теңгеге дейін қысқартқаны айтылған. Айта кетейік, құқық бұзушы Қозыкеткен мәдениет үйінде меңгеруші болып жұмыс істейді. Алайда Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының хабарлауынша, ресми түрде ол - Успен ауданы әкімдігінде әдіскер. Сонымен қатар ол ауылдық мәдениет үйінің жұмысына жауапты екенін айтты.

А. Шахмардан

Серіктес жаңалықтары