Жаңалықтар

Ресей нөмірімен жүрген жүргізушілер 2 миллион теңге айыппұл арқалаған

Орал қаласында Ресей нөмірімен жүрген 2 жүргізуші 2 аптаның ішінде 130 рет тәртіп бұзып, 2 миллион теңге айыппұл арқалаған, деп хабарлайды turkystan.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Ресей нөмірімен жүретін көліктердің жол ережесін жиі бұзатынын мәлімдеп, жүргізушілерге ескерту жасады.

Сайт мәліметінше, Алматыда жыл басынан бері Ресей нөмірін таққан көлік жүргізушілері 60 мың рет тәртіп бұзған. Ал айыппұлдың жалпы сомасы 21,3 миллион теңгеден асыпты.

«Ашығын айту керек, осы санаттағы көлік жүргізушілердің тәртібі нашар. Олар шет мемлекеттердің нөмірлері «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» және «Сергек» автоматтандырылған ақпарат жүйелеріне түспейді деп ойлайды да, жол ережесін бұзып жүре береді. Жылдамдықты шектен тыс асырады, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай, қиылыстарды кесіп өтеді, қарсы келе жатқан жолаққа өтеді, жол белгілері мен таңбалау талаптарын сақтамайды және тағысын тағы. Ал ондай мәдениетсіздік көп жағдайда қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтырады», – дейді Алматы қалалық полиция бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Back to top button