Жаңалықтар

ШҚО-да атом электр станцияларына отын шығаратын өндіріс орны ашылды

Шығыс Қазақстан облысында жылына 200 тонна уранды қайта өңдейтін өндіріс орны ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Үлбі металлургия зауытында «Үлбі-ТВС» отын құрамаларының өндірісі ашылды.

Шараға «Самұрық-Қазына» АҚ , «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК, «ҮМЗ» АҚ, Қытайдың Атом энергиясы жөніндегі «China General Nuclear» агенттігінің басшылығы қатысты.

«Қытайдың атом электр станцияларына отын таблеткаларының бірінші партиясы келесі жазда жеткізіледі. Бұл біздің ҚХР-мен достық және экономикалық қарым-қатынастарымызды одан әрі дамытуда маңызды қадам. Шығыс Қазақстан уран өндіру бойынша елімізде бірінші орында тұр. Ал оны қайта өңдеу – бұл өнімге қосылған қосымша құн ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік әсері жоғары бастама. Жаңа кәсіпорында 140 жаңа жұмыс орны ашылатын болады», – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

 

Back to top button