Үш ұлттық жоба халықтың табысын 27 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Кәсіпкерлікті дамыту», сондай-ақ «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобалар елімізде 450 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
«Үш ұлттық жобаны тиімді іске асыру орнықты экономикалық өсуді 5 пайыздан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге, халықтың табысын 27 пайызға арттыруға және еліміз бойынша 450 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде инфрақұрылым сапасы бойынша Қазақстанның ұстанымын 40-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді», - деді министр.