Жаңалықтар

Елордада әл-Фарабиге ескерткіш қойылады

Нұр-Сұлтан қаласында әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу-Насыр әл-Фарабидің құрметіне ескерткіш қойылады. Бұл туралы елорданың қалалық мәслихат жанындағы қоғамдық кеңес отырысында айтылды.

«2019 жылы Президент Әкімшілігінен елордада әл-Фараби, Құрманғазы, Ж.Тәшенов және тағы басқа тұлғаларға ескерткіш қою тапсырмасы берілді. Былтыр пандемияға байланысты әл-Фарабиге ескерткіш орнату кейінгі шегерілді. Қазір ескерткіш дайындалып жатыр. Жалпы биыл Ж.Тәшенов пен Т.Бигелдиновке ескерткіш қоюға қаржы бөлінді», – деді Нұр-Сұлтан қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев.

Back to top button