Жаңалықтар

18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова «Түркістан аруы» атанды

«Түркістан аруы-2021» байқауында 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова жеңімпаз атанды. Ол енді көне шаһардың атынан «Қазақстан аруы-2021» байқауында бақ сынайды. 
Сонымен қатар арнайы тағайындалған «Мисс талант» атағы Ақерке Тұрдалиеваға табысталды.
«Түркістан аруы-2021» облыстық байқауы биыл алғаш рет онлайн форматта өткен болатын.
«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы дирекциясының демеушілігімен өткен сайысқа Түркістан өңірінің ең сұлу қыздары қатысты.
7d18da27 535e 47f7 9ff2 716722b5d6ea
Финалға шыққан 10 арудың анкетасын, суреттері мен бейнетаныстыруын қазылар алқасы ZOOM арқылы тамашалап,  бағаларын берді. Нәтижесінде қазылардың ортақ шешіммен  Сұлтанбибі Шахапова байқау жеңімпазы атанды. Түркістанның ең сұлу аруы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алып жүр. Мамандығы – интерьер дизайнер. Сұлтанбибі – «Қазақстан аруы» ұлттық байқауында онлайн іріктеуден өткен алғашқы жеңімпаз.
Back to top button