Аймақ

Алматыда дәрігерлер 42 жастағы әйелдің ішінен 7,5 келі құрт алып шыққан

Алматылық дәрігерлер әйелдің ішінен салмағы 7,5 келі эхинококк кистасын алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

№7 қалалық клиникалық ауруханасының хирург дәрігері Мұса Сахиповтың айтуынша, науқас Алматы облысынан келген.

«Пациентте ауырсыну, өзін жәйсіз сезіну сияқты ешқандай белгі болмаған. Тек соңғы жылдары 3-4 келі салмақ қосқан. Қазан айының басында аллергияға ұшырайды. Сөйтіп, ол кісі тұрғылықты жері бойынша терапевт дәрігеріне қаралады. Узи жасатады, сол уақытта бауырында эхинококк бар екені анықталады. Операцияны 26 қазан күні жасадық. Мұндай эхинококк өте сирек кездеседі. Әйелдің іш құрылысын түгел алып жатыр. Оның жарылып кету қаупі өте жоғары болды. Операция кезінде бауырдан 500 мл қан жоғалттық. Бір доза қан құйдық. Операция күрделі болғандықтан, тоғыз сағатқа созылды», – дейді № 2 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мұса Сахипов.

2111011054527404g

Back to top button