Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда автобус өртенді

Нұр-Сұлтанда автобус өртенді. Төтенше жағдайлар департаменті болған оқиға туралы сағат 18:44-те хабар түскенін мәлімдеді.

«Байқоңыр» ауданы Кравцов көшесі, 9А мекенжайындағы аялдама маңында маршруттық автобус өртенді. Оқиға орнына №17 өрт сөндіру бөлімінің жеті қызметкері мен бір техника жетті.

№28 автобустың қозғалтқышынан өрт шыққаны анықталды. Өрт сөндіру бөлімше қызметкерлері келгенге дейін сөндірілді. Төтенше оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Back to top button