Жаңалықтар

БҚО-да екі адам көлікпен бірге өртеніп кетті

Орал-Атырау тас жолында көлік апаты болды, екі адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

24 қазанда күні сағат 20:00 шамасында Орал-Атырау автожолының 209-шы шақырымында, Ақжайық ауданының Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде Лада Vesta және Лада Priora автокөліктері соқтығысты.

Соқтығысқаннан кейін екі автокөлік өртенген.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада Веста көлігінің екі жолаушысы Ақжайық ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиға орнында полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеп, Лада-Приор автокөлігін сөндіргеннен кейін салоннан қаза тапқан екі жолаушының денелерін алып шықты», – делінген хабарламада.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от PoliceWestKaz🇰🇿 (@policebqo)

Back to top button