Жаңалықтар

Елімізде коронавирус жұқтыру қарқыны бәсеңдеді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елімізде соңғы екі аптада коронавирус жұқтыру деңгейі 17 пайызға төмендеген.

«Қазір жасыл аймақта 6 өңір бар: Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе облыстары және Шымкент қаласы. 5 өңір сары аймақта», – деді ол.

Қызыл аймақта 6 өңір (Нұр-сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) тұр.

Back to top button