5067
Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовадан Әлібиге жиналған 4 миллион теңгенің есебін сұрады
Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовадан Әлібиге жиналған 4 миллион теңгенің есебін сұрады
Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовадан халықтан жиналған 4 миллион теңгенің есебін сұрады.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.“Мен жалдаған екі адвокат әйел "қатырады", деді. Ол кісі (Майра Ілиясова) бізден бір көйлекті бұрын тоздырды ғой деп, шамамен 4 млн ақшаны сол кісіге тапсырдық. Енді ол адвокаттар қайда, Майра апай? Қыста “Еуразия” арнасы Әліби туралы бағдарлама түсіргенде, ол екі адвокатты неге көрмедік? Аттарын да ұмытыппын. Әлия-Лаура ма еді? Кім еді? Нүркөн бе еді? Түсірілім барысында, біз жалдаған адвокаттар өздері келмей, орнына жұмсаған адвокат, Әлібиді 7 рет Алишер деп атын шатастырғанына бәріміз куәміз”, – дейді әнші. “Құдай қаласа, Әліби бостандыққа шыққанда ғана бұл тақырыпты жабамын. Майра апай, бұл - халықтан жиналған ақша! Сіз жалдаған адвокаттар елдің алдында есеп берсін! Не бітірді? Неге нәтиже жоқ? Тегін қорғаймын деп талпынып отырған Абзал Құспанның жол қаржысын, Қызылордаға барғанда мейрамхана, тамақ-суын кім төлейді? Жауап күтемін!” – деді Түсіпбаева.Айта кетейік, лагерьдегі балаларға азғындық жасады деп сотталған студентке шығарылған үкім сол күйі өзгеріссіз қалдырылған еді. Алайда жәбірленуші тарап әлі де Әлібидің ақталып шығуынан үмітті.