Шымкент тұрғыны қызыл құрт өсіріп миллионер атанған

Шымкент тұрғыны қызыл құрт өсіріп миллионер атанған

Шымкент тұрғыны қызыл құрт өсіріп миллионер атанған
ашық дереккөзі
2311

30 жастағы шымкент тұрғыны калифорния қызыл құртын өсіріп, миллионер атанған. Бүгінде оның 2 миллиондай шұбалшаңы бар. Оның әрбірін 10 теңгеден сатады.

Бұл туралы Express Qazaqstan жазды.

Ілияс Икрамов құрт өсіруді 2019 жылы қолға алған. 350 дана калифорния қызыл құртын сатып алған жас жігіт оны 7 ай бойы әбден зерттеген. Ол кезде магистратурада оқиды. Мамандығы бойынша эколог-биолог. Алғашында үйіндегілер таңырқап, тіпті "құрт асырап, байымай-ақ қой, пайда әкелмейді" деп қарсылық танытқан екен. Алайда уақыт өте сатып алушылар тұрақты түрде келе бастаған соң оң қабақ танытыпты.  width=
Бұл кәсіп шығынды қажет етпейді. Таза табыс тауып отырасыз. Олар кез келген органикалық қалдықты жей береді. Мәселен, күнделікті асқа пайдаланатын картоп, сәбіз, қырыққабаттан қалған қалдықтарды өте жақсы жейді. Сонымен қатар қарбыз, қауын, жемістердің де қалдықтары бар. Одан өзге талдан түскен жапырақтарды да қорек етеді. Көршілерім мал асырайды, соның қиын да әкеп беремін. Ас-ауқатын сатып алып әуре болмайсыз. Оның өзін 3-4 аптада бір рет беремін. 2-3 күнде бір суғарып тұрамын. Олар суды тікелей ішпейді. Топыраққа құясыз, сол ылғалдылықта өз қажеттілігін алып отырады. Ылғалды ортаны жақсы көреді. Бастысы, күн көзі тікелей түспеуі қажет. Әйтпесе өліп қалады, - деді жас кәсіпкер.
Калифорния құрттарының көктем кезінде қаптап кететін қоңыр шылаушыннан айырмашылығы - тыңайтқыш өндіруінде екен. Жауыннан кейін пайда болатын қоңыр шылаушындардың өмір сүру ұзақтығы небәрі 4-ақ жыл болса, қызыл құрттар 16 жыл өмір сүреді. Кәсіпкер алдағы уақытта шылаушынды терең зерттеп, шетелде тәжірибе жинағысы келеді. Қазір ол Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде докторантурада оқиды. Әрі тағы бір білім ордасында биолог-эколог болып жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары