Генадий Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчес 2017 жылы орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағы үшін GGG мен Билл Джо Сондерс арасындағы айқас неге болмады деген сұраққа жауап берді, – деп жазды Sports.kz. Ол кезде қазақстандық WBA, WBC және IBF титулдарының иегері, ал Сондерс WBO нұсқасы бойынша чемпион еді. - Шын мәнінде Қазақстанда Сондерспен жекпе-жекке келісімшарт жасалған. Бұл елордадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде болды. Бірақ қандай да бір себептермен ЭКСПО ұйымдастырушылары тиісті кепілдіктерді орындай алмады және айқас та болған жоқ. Бұл жекпе-жекті ұйымдастырудың жалғыз тәсілі Билли Джоның кепілдіктерін орындау еді. Бірақ олар оған бұдан бұрын айтылған сомаға кепілдік бере алмады әрі келіссөздерге қайта оралған жоқ. Өйткені бізде ондай ақша болмады, - деді Санчес Fighthub TV берген сұхбатында.
Жүктелуде...