Елордада интернеттегі алаяқтығы үшін 100 адам ұсталған

Елордада интернеттегі алаяқтығы үшін 100 адам ұсталған

Елордада интернеттегі алаяқтығы үшін 100 адам ұсталған
ашық дереккөзі
Биыл жыл басынан бері Елордада 150 млн теңге қаржылық шығын келтірген интернет алаяқтығы анықталған. 3250 интернет қылмысына қатысты 100 адам ұсталған. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов мәлім етті. «Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 3250 интернет алаяқтық қылмысы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 135 пайызға артық. Интернет алаяқтық әсіресе пандемия кезінде өршігені байқалады. Карантиндік шектеулерге байланысты көп адамдар интернет қызметтің көмегіне жүгіне бастады. Біздің департамент тарапынан интернет алаяқтықпен күресу жолында бірқатар шаралар іске асып жатыр. Соның бірі аталған қылмыс түрін зерттеу және ашу бойынша мамандандырылған жедел тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде бүгінде елордада 100 интернет алаяқ ұсталып, қылмыстық жауапқа тартылды. Олар жалпы сомасы 150 млн теңгенің шығынын келтірді, оның 50 млн теңгесі зардап шегушілерге қайтарылды. Ұсталған 100 қылмыскердің 45-і бұған дейін интернет алаяқтық бойынша жауапқа тартылған болып шықты», – деді Талғат Бөлегенов . Маманның сөзіне қарағанда интернеттегі алаяқтықпен айналысатындардың дені 20 мен 35 жас аралығындағы жастар.