Жаңалықтар

Шетелден импорттап келдік: Шымкентте алюминий құты шығаратын зауыт салынады

Шымкентте алюминий құты өндіретін Орталық Азиядағы тұңғыш зауыт салынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр.

Зауыт өнімі – импортты алмастыратын өнім және отандық тамақ өнеркәсібінің қажеттілігін 75%-ға жабуға мүмкіндік береді. Шығарылатын жалпы өнімнің 10 пайызы экспортталмақ.

Ауданы 22 мың шаршы метр болатын зауытта ұзындығы 800 метр өндірістік желі орналастырылады, ол 13 өндірістік операцияларданжәне бірқатар сапаны тексеру жүйелерінен тұрады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов кәсіпорындарды өзіміздің шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында компания басшылығына отандық металл өндірушілерді қолданумен алюминий прокатының өндірісін игеруді ұсынды.

Өндірісті 2021 жылдың аяғында іске қосу жоспарланып отыр.

Back to top button