Nur Otan

«1 күн ішінде 1-орынға шығардық»: Жасотандықтар Димаш Құдайбергенді қолдау үшін челлендж бастады

19 қыркүйекте «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде «King Choice» рейтингінде Димаш Құдайбергенді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосты.

«Jas Otan» төрағасы Нұржан Жетпісбаев әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды отандасымызға дауыс беруге шақырды. Бұл үндеу жасотандықтар арасында #JasOtanQoldaidy атты челленджге ұласты.

Челлендж басталған күні қазақстандық әнші BTS тобының солистінен кейін орын алған, қазіргі уақытта 5 294 812 дауыспен бірінші орында тұр.

«Күн сайын еліміздің жастары шыңдарды бағындыруда. Мысалы, қазақстандық шахматшы және халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік төрт дүркін әлем чемпионы және қазіргі уақытта ең үздік шахматшы-қытайлық Хоу Ифаньді жеңіп алды. Әрине, бұл шыңдарға отандастарымыздың қолдауы арқасында қол жеткізіледі. Сіздерді қазақстандық жастардың тағы бір өкілі, тамаша дауыс иесі – Димаш Құдайбергенді қолдауға шақырамын. Қазақстандықтардың ортақ күш-жігерімен біз байқауда жеңіске жетуге көмектесеміз деп сенемін!»,- деп жазды Нұржан Жетпісбаев.

«Jas Otan» белсендісі Бошарина Лаура акцияның Жастар қанаты өкілдері арасында нағыз қозғалысқа айналғанын атап өтті. Жасотандықтар әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды әншіге дауыс беруге белсенді шақыруда.

whatsapp image 2021 09 23 at 12.09.54

«Мен бұл байқау туралы естігенмін, бірақ арасында Димаш Құдайберген бар екендігін білмедім. Мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды көріп, өз үлесімді қосамын деп шештім. Бізде қазіргі уақытта мессенджерлерде дауыс беру бойынша топтар бар, онда біз бір-бірімізге дауыс беруді еске салып, нәтижелерді бақылап отырамыз. Осылайша, 1 күн ішінде біз Димашты 1 орынға шығардық. Біз өте қуаныштымыз, өйткені әр үміткердің жанкүйерлерінің үлкен әскері бар», – деді ол.

Back to top button