Жаңалықтар

Банкке ғана емес, таныстарына да миллиондап қарыз: Алматыдағы қанды оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

Алматыда бес адамның өмірін қиған Игорь Дужнов банкке ғана емес, талай адамға миллиондап қарыз екені анықталды, деп хабарлады КТК арнасы.

Бұрынғы досының айтуынша, Дужнов одан 35 мың еуро алып, 10 жылдан бері қайтармай жүр. Енді бірі қолхатпен берген 200 мың долларымды қайтармады деп шу көтерді.   Игорь Дужнов Елена Винокурованың анасынан он жыл бұрын 35 мың еуро қолхатпен қарыз алған. Бірақ бұл берешекті Дужнов әлі күнге дейін қайтармаған.

«Мен Игорьдің отбасын 16 жылдан бері танимын. Менің әкем Анаиданың әкесімен дос болған. 2009 жылы әкем қайтыс болған соң, төрт күннен кейін Игорь анама келіп қолхатпен қарыз алып кетеді. Маған анам қарыз туралы бес жылдан кейін бірақ айтады. Сосын мен сотқа беріп жеңіп шығамын. Бірақ ақшаны қайтару мүмкін болмады. Сол кезде біз Игорьдің қарызға белшеден батып, дүние-мүлкінің барлығы кепілде тұрғанын көріп таңғалғанбыз», – деді ол.

Борышкерлердің тізімі жарияланатын арнайы сайтта Дужновтың он шақты компания мен жеке тұлғаларға қарызы бар екені көрсетілген. Сол үшін Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынған.

 

Back to top button