Жол сапасына салғырт қараған 135 шенеуік жазаланды

Жол сапасына салғырт қараған 135 шенеуік жазаланды

Жол сапасына салғырт қараған 135 шенеуік жазаланды
ашық дереккөзі

Әкімшілік полицияның жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, 1 қыркүйектен бастап жол және техникалық инспекция қызметкерлері мүдделі қызметтермен бірлесіп автожолдарды күзгі кешенді тексеруді жүргізіп жатыр, – деп жазды Polisia.kz.

Атап айтқанда, жол және техникалық инспекция қызметкерлері «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп, Қостанай облысының аумағы бойынша өтетін республикалық маңызы бар: М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбургке)-Алматы», А-21 «Мамлютка-Қостанай», А-16 «Жезқазған-Петропавл» автожолдарына тексеру жүргізді. Тексеру барысында жол белгілерінің жоқ екені, жол жиектерін бейіндеу бойынша жұмыстар жүргізілмегені, асфальтбетонның шұрық-тесік аумақтары анықталды. Жол белгілері стандарт талаптарына сәйкес келмеді.­ Тексеру нәтижесі бойынша «Қазақавтожол»  ЖШС ҚОФ мердігерлік ұйымының директоры ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Биыл 8 айда жолдың сапасына, күтіп ұстауға салғырт қараған 135 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.