Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде Эно, Льеж, Люксембург және Намюр провинцияларындағы консулдық округ және Қазақстанның құрметті консулының экзекватурасы мен патентін табыстау рәсімі өтті, – деп жазды ҚазАқпарат. Құрамына 35 мыңнан астам кәсіпорын кіретін «BECI» сауда-өнеркәсіп палатасының Директорлар кеңесінің мүшесі, төрағасы Оливье Вилокс Қазақстанның жаңа Құрметті консулы болды. Сонымен қатар, О.Велокс – Брюссельдің Бизнес федерациясы мен Валлон кәсіпорындар одағы Директорлар кеңесінің мүшесі. Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан ҚР-ның жаңа Құрметті консулымен еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту, қазақстандық экспортты ілгерілету, мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру жөніндегі нақты жоспарларды талқылады.
Жүктелуде...