Елімізде 250-ге жуық сынып карантинге жіберілді

Елімізде 250-ге жуық сынып карантинге жіберілді, деп хабарлайды sputnik.kz.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметованың айтуынша, қазір ел бойынша 250-ге жуық сынып карантинге жіберілген.
«Білім беру мекемелерінде коронавирус жұқтырудың 426 жағдайы тіркелген. Барлығы жер-жерде, бөлек болған. Бір сыныптан ары кетсе 5 оқушыдан ғана вирус анықталды. 356 сыныпта бір-бір жағдайдан ғана табылды. 62 сыныпта екі оқушыдан шықса, 11 сыныпта үш-үштен анықталды. Жалпы республика бойынша 241 сынып карантинге жіберілді», – деді Ахметова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Карантинге жіберілген сыныптар 14 күннен кейін қайтадан офлайн форматқа ауыстырылады. Бірақ оған дейін барлығы ПТР-тест тапсыруы шарт.