40 жылдай комада жатқан әйгілі футболшы өмірден өтті

Әйгілі француз қорғаушысы Жан-Пьер Адамс 74 жасында қайтыс болды.

Ол «Ним», «Ницца», «Пари Сен-Жермен» клубтарында сондай-ақ Франция құрамасында ойнаған.

Футболшы дәрігердің салғырттығынан өмірінің соңына дейін, 39 жыл комада жатты. 1982 жылы ол тізесіне ота жасату үшін ауруханаға барған. Дәрігер 8 отаны қатар жасап жатып, футболшыға қате екпе салып жіберген.  Содан бастап ол екі дүниенің арасында қалғандай болған. Тіпті уақыт та тоқтап қалған сияқты: бетіне әжім түспеген, шашы да ағармаған.

40 жылдай комада жатқан әйгілі футболшы өмірден өтті

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button