Мақсатымыз – әріптестікті дамытып, әлемдік кеңістікке шығу

Мақсатымыз – әріптестікті дамытып, әлемдік кеңістікке шығу

Мақсатымыз – әріптестікті дамытып, әлемдік кеңістікке шығу
ашық дереккөзі
50303
Халықаралық әріптестік – үздіксіз білім беру мен ғаламдық стандарттарға сай болудың негізі. Ғаламдану заманында бұл үрдіс маңызын арттыра бермек. Осыған орай, әрбір жоғары оқу орнының негізгі миссиясы әлемдік білім және ғылым кеңістігіне етене еніп, тәжірибе алмасып, сол арқылы оқу сапасын арттыру болмақ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – бірегей та­рихы және білім беру жүйе­сін­дегі бай тәжірибесі бар, халық­ара­лық деңгейдегі бәсекеге қа­бі­летті мамандарды даярлайтын жо­­­ғары оқу орны. Университет өзі­­нің 70 жылдық тарихында 1950 жылы Мұғалімдер инсти­ту­ты­нан бастап ұзақ академиялық жол­ды өткерді. Бүгінде халық­ара­лық ынтымақтастық – уни­вер­ситеттің маңызды қыз­мет­тері­нің бірі. Бұл университеттің не­гізгі міндеттерін – халық­ара­лық ынтымақтастық байла­ныс­тар­мен қамтамасыз ету, шетелдік оқы­тушылар құрамы мен ғалым­дар­ды бірлескен ғылыми және білім беру бағдарлама-жобалары­на тарту, жоғары білікті маман­дар­ды даярлау және т.б. мәселе­лер­ді шешуге ықпал етеді. Халық­ара­лық деңгейде білім беру бағ­дар­ламаларының, ғылыми зерт­теулердің және адами ре­сурс­тар­дың бәсекеге қабілеттілігін арт­тыру мақсатында Атырау уни­вер­ситеті шетелдік университет­тер­мен және ғылыми орталықтармен белсенді жұмыс істейді. Атырау университетінде білім беру мен ғылыми процестердің ин­тернационалдануын арт­тырудың негізгі көрсеткіштерінің бірі – жетекші шетелдік универ­си­­­теттерден шетелдік профес­сорларды дәрістер мен семинар­лар оқуға, бірлескен білім беру бағ­дарламаларын әзірлеуге, ғы­лыми зерттеулер жүргізуге, сту­денттер мен магистранттарға же­текшілік етуге, ғылыми жұ­мыс­тарға қатысуға тарту, сондай-ақ тәрбиелік іс-шаралар және т.б. Х.Досмұхамедов атындағы Аты­рау университеті шетелдік про­фессор ғалымдарды тарту үшін Қазақстан Білім және ғы­лым ми­нистрлігінің бағ­дар­ла­масы, «Орхун» және «Мевлана», «Эраз­мус+», Қазақстандағы шет ел­дері елшіліктерінің бағдар­ла­малары сияқты академиялық ұтқыр­лық­тың тиімді құралдарын қолда­на­ды. Осы бағдарлама­лар­дың ар­қа­сында Атырау уни­вер­ситетінің ин­тернационалдануы мен ха­лық­­аралық ынтымақ­тас­тығы ар­тып келеді. Осы бағытта 2018-2019 оқу жы­лында Қазақстан Білім және ғы­лым министрлігінің бағдар­ла­масы аясында ақпараттық тех­но­логиялар (Словакиядан), био­тех­нология негіздері (Ираннан), су тазарту қондырғыларын жобалау (Ираннан), микротолқынды пеш­тердегі электромагниттік тол­қындар (Түркиядан), дала тай­паларының Шығыс Еуропа та­рихына әсері (Түркиядан), же­ке ән айту (Италиядан), фольклор мен ортағасырлық поэзия ма­териал­дарына негізделген қазақ-но­­ғай тарихи-мәдени қауым­дас­тығы (Ресей Федерациясынан), бизнес-жоспарлау (Англиядан), менеджмент және маркетинг (Түркиядан) бағыттары бойынша 8 шетелдік ғалым шақырылды. Ал 2019-2020 оқу жылында Білім жә­не ғылым министрлігі мен Орхун бағ­дарламалары екі жақты ке­лісім бойынша БАҚ-тағы жур­налистика, әдебиет және өнер­тану (Түркиядан), әлеуметтану (Түркиядан), химия (Түркиядан), түрік тілі мен әдебиеті (Солтүстік Косоводан), IT инженерия, робо­то­техника (Ираннан), дене шы­нықтыру (Түркиядан) бағыттары бойынша 7 шетелдік ғалым тар­тылды. 2020-2021 оқу жылында пан­демия мен шекаралардың жа­былуына байланысты көптеген шет­елдік бағдарламалар, сондай-ақ Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шетелдік ғалым­дарды тарту бойынша шақыртыл­ған профессор бағдарламасы тоқ­татылды. Бірақ бұған қарамас­тан, Қазақстандағы Түркия Ел­шілігі мен Түркияның Білім және ғы­лым министрлігінің волон­тер­лік бағдарламасы аясында 2020 жылы студенттерге және оқы­тушылар құрамына түрік тілін оқытуға 1 шетелдік волонтер тартылды. Жоғары оқу орнын интер­на­цио­налдаудың тағы бір жолы – бірлескен білім беру бағдар­ла­ма­сын бірлесе әзірлеу. Бұл – шет­ел­дік мүдделі тараптар үшін маңыз­ды индикатор, универ­си­теттің бі­лім беру қызметтерінің халық­ара­лық нарығында бәсекелесуге жә­не бірлескен білім беру бағдар­ла­маларын іске асыруға дайын еке­нін көрсетеді. Бүгінде Атырау уни­верситетінде Астрахань мем­лекеттік техникалық уни­вер­си­тетімен бірлесіп жасалған «Эко­ло­гия және табиғатты пайдалану» ма­мандығы бойынша қос дип­лом­ды білім беру бағдарламасы бар. Сонымен қатар филология ма­мандығының ма­гистратура дәрежесі бойынша Нии­де Омер Халисдемир универ­ситетімен (Нигде, Түркия), IT маман­ды­ғы­ның ма­гистратура бағытында Ниж­не­вартовск мем­лекеттік уни­вер­ситетімен (Ниж­невартовск, РФ), есеп және аудит маманды­ғы­на Витаутас Ұлы уни­верситетімен (Кау­нас, Литва) қос дипломды жә­не бірлескен бі­лім беру бағ­дар­ламаларын іске асыру бойынша келіссөздер жүр­гізіп жатыр. Жібек жолы елдерінің уни­вер­ситеттері мен консалтингтік ком­панияларының қауым­дастығы аясында Шэньян мемле­кет­тік университетімен (Шэньян, Қытай) бірлесіп, оқытушылар мен университет студенттеріне арналған арнайы тіл курстары әзір­­леніп жатыр. Сондай-ақ Б.Хме­­льницкий атындағы Мели­то­поль мемлекеттік педагогика­лық университетімен (Мелито­поль, Украина) келісімге келіп, «Эко­­но­мика» мамандығы бойын­ша ар­найы курс ашу мәселесі қарас­тыры­лып отыр. Университет қызметінің маңыз­ды бағыттарының бірі – ке­лісімшарттар мен мемо­ран­дум­дар негізінде шетелдік уни­вер­си­теттермен халықаралық ын­ты­мақтастықты дамыту. Бүгінде Атырау университетіндегі халық­аралық ынтымақтастық шетелдік серіктестермен 53 келісім негі­зін­де жүзеге асырылады. Сонымен қа­тар 2020 жылы виртуалды ака­демиялық ұтқырлық бағ­дарламасын және тілдік курстар жо­басын іске қосуға байланысты бел­сенді келісімдердің өскенін атап өту қажет. Шетелдік серіктес универ­си­теттердің аймаққа бөліну геог­ра­фия­сы өте кең. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау уни­верситеті­мен ынтымақтастық бойынша жетекші аймақ – ТМД елдерінің уни­вер­си­теттері – бұл Ресей, Қыр­ғыз Рес­пуб­ликасы, Өзбек­стан, Әзербайжан және Беларусь елдері. Барлық халықаралық келісімшарттардың жартысына жуығы көрші елдердің серік­тес­тері­мен жасалған. ТМД елдерінің универ­си­теттерімен 44 пайыз. Азия ай­ма­ғының универси­тет­тері­­мен 22 келісімшартқа қол қойыл­ды – 38 пайыз Азия, 9 келі­сім Еуропа елде­рі­нің үлесіне тие­ді – 16 пайыз, Еу­ропа және АҚШ-пен 1 ке­лісім – 2 пайыз. Жоғары оқу орындарының сту­денттері мен оқыту­шы­лары­ның белгілі бір уақыт аралығында өз елінде немесе шетелдік оқу орны немесе ғылыми орталыққа оқу немесе сабақ беруге мүмкіндік беретін академиялық ұтқырлық аясында Атырау университетінде бірнеше бағдарлама жүзеге асқан. 2019-2020 оқу жылында пан­демияның әсерінен AкҰ бағдар­ла­масын аяқтаған студенттердің са­ны алдыңғы жылдармен са­лыс­тыр­ғанда аз болды. Осыған бай­ла­нысты пандемия жағдайында АкҰ орындалу үшін студенттерге шет­елдік ЖОО-да онлайн фор­матта білім алуға мүмкіндік бере­тін жаңа бағдарлама – виртуалды ака­де­миялық ұтқырлық іске қо­сылды. Атырау университеті халық­ара­лық әріптестікті нығайту мақ­с­атында Каспий маңы елдері уни­верситеттерінің ассо­циа­ция­сы, Turkic Inter-University Union, Азия университеттерінің қауым­дастығы, Жібек жолы елдерінің уни­верситеттері мен конса­лтинг­тік компанияларының қауым­дас­тығы, IREG академиялық рей­тин­гі және жетілдіру обсерваториясы сын­ды халықаралық қауым­дас­тықтарға мүше болды. Білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру, ал­дыңғы қатарлы білім беру тәжі­ри­бесін енгізу, ынты­мақтастықты арт­тыру мақсатында сенім мен өзара құрмет қағидаттары негі­зінде құрылған осы беделді ұйым­дармен бірлескен ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асы­рып келеді. Халықаралық қызметтегі маңыз­ды бағыттардың бірі – ғы­лыми және білім беру қызметіне, оның ішінде халықаралық қор­лар мен бағдарламалардан грант­тық қолдау түрінде сыртқы қар­жы­ландыруды тарту мәселесі. Осын­дай халықаралық жобалар­ға қатысу және бірлескен ғылы­ми-білім беру жобаларын іске асыру екіжақты келісімдер шең­берінде де, халықаралық кон­сор­циумдар шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Қорытындылай айтқанда, Х.Дос­мұхамедов атындағы Аты­рау университетінің қызметі ел да­муының негізгі басымдықтарын жүзеге асырумен, озық зерттеу әлеуетін дамытумен, технология­лар мен өндірісте инновациялар енгізумен тікелей байланыста жүр­гізіледі. Бұл тез өзгеретін жә­не ға­ламдық интеграцияланған эко­номика талаптарына сәйкес келеді.

Саламат ИДРИСОВ, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректоры

Серіктес жаңалықтары