Жамбылдағы жарылыс болған маңайда 3 елдімекен орналасқан – ТЖМ

Жамбыл облысының Королевка кентіндегі әскери қоймаға ең жақын орналасқан 3 елдімекенде 1 мыңнан астам адам тұрады. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша олардың 710-ы облыс орталығыны аэвакуацияланды.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, өртеніп жатқан нысанға жақын жерде 3 елдімекен орналасқан. Атап айтсақ, Жібек жолы кенті жарылыс аумағынан 3 шақырым жерде тұр. Мұндағы тұрғындар саны – 378 адам. Үшбұлақ стансасы оқиға ошағынан 8 шақырымда жатыр. Халық саны – 216 адам. Ботамойнақ елдімекені оқиға орнынан 10 шақырым жерде орналасқан. Мұнда 492 адам тұрады.

«Өрт нысанына жақын жерде 3 елдімекендегі халықтың жалпы саны шамамен 1 086 мың адам. Қазір таңда 710 тұрғын Тараз қаласына эвакуацияланды. Жамбыл политехникалық колледжі мен Теміржол колледжінің, Қазақ-түрік колледжі мен Тараз сервис және технология колледжінің, Қант-зауыт колледжі мен №5, 6, 10, 44, 23, 9, 12, 8, 54,53 орта мектептердің базасында дайындалған эвакуациялау бекеттерін 128 адам паналауда. Қалған 582 адам туыстарының үйіне кеткен. Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін екі жедел желі ашылды», – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды. Соңғы ресми деректер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 5 әскери қызметші қаза тапқан.

Back to top button