Гарвардтағы қазақ ғалымы Қазақстанның тарихи-географиялық қартасын сызу керек екенін айтты

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен қазақ тарихын шетелде танытып жүрген белгілі ғалым, Гумбольдт сыйлығының иегері,Фэрбэнк Қытай зерттеу орталығының (Гарвард университеті) профессоры, синолог, шығыстанушы, Нұрлан Кенжеахметпен онлайн кездесу өтті.

Нұрлан Кенжеахмет Германияда Қазақстан тарихына қатысты зерттеулермен айналысады. 2021 жылдың басынан бері АҚШ-тағы Гарвард университетінде Еуразияның тарихи географиясын сызуға атсалысып келеді. Оның зерттеу жұмысынаXVII-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығының географиялық жер атаулары кіреді.

Аталған жиын барысында профессор Нұрлан Кенжеахмет картография ғылымы мен оның ерекшелігі, XVI ғасырда Ресей, Каваз, Орталық Азия елдерінде бірнеше рет болған саяхатшы жәнеағылшын дипломаты Антоний Женкинсонның карталарының қайда табылғаны туралы және т.б. қызықты да ғылыми деректер айтты.

Жүздесуде Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Айнұр Жарахметова орталықтың жұмыс бағыты және сирек қорын таныстырды. Сонымен қатар Ұлттық орталықтың ғылыми кеңесшісі, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Зада Оразғалиқызы орталықта сақталынған сирекмұралар мен олардың ғылымда алатын орнытуралы ғылыми тұжырымдарын бөлісті.

Гарвард ғалымының айтуынша, Қазақстанның тарихи географиялық картасына бұрын қазақ халқына қатысы болған барлық тайпа және ұлт территорияларының барлығын кірістіріп сызукерек.

Сондай-ақ, Ұлттық орталықтың Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің жетекшісіКәмшат Пәрімбекова Ұлттық орталықта тоқсан сайын жарық көретін «Uly dala murasy» аттығылыми-көпшілік журналының  мақсаты мен ерекшелігі туралы баян етсе, ал реставртор Сырым Сайлауұлы қолжазбалар мен сирек кітаптардықалпына келтіру бойынша теориялық-методологиялық тәжірибесін айтты.

Жиын соңында Ұлттық орталықтың ұжымыпрофессор Нұрлан Кенжеахметпен тығыз ғылыми байланыста болуға және алдағы уақытта елімізге маңызды құнды мұраларды табуға бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

Back to top button