«Отандастар қоры» КЕАҚ Ауғанстандағы қандастарды елімізге көшіру мақсатында Кабул қаласындағы ҚР Елшілігінде арнайы комиссия құрылып, қандастарымызды қабылдап, құжатын рәсімдеу бойынша жұмыс басталғанын хабарлады. Бұған дейін аталмыш Қордың өңірлердегі фронт-кеңселерінен жиналған Ауғандағы қандастар тізімі Сыртқы істер министрлігіне шұғыл жолданған болатын. Қазір Елшілікте тұрған қандастарымыз Президентке, Сыртқы істер министрлігіне және Ауғанстандағы Елшілік қызметкерлеріне дер кезінде көрсетіліп жатқан дипломатиялық жұмысы үшін алғыс білдіріп жатыр.
Видео Кабул уақытымен 11:03 те түсірілген. (24.08.2021ж.)Посмотреть эту публикацию в Instagram