Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Ақорда. «Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», – делінген құжатта. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Кореяға сапары кезінде Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылдағанын жеткізген еді.
Жүктелуде...