Магистратура грантына ие болғандар тізімі жарияланды

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

2021-2022 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранттары иегерінің тізімі жарияланды. Комиссия құрамында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, Қазақстан студенттерінің альянсы және «Отандастар» қорының өкілдері болды. Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда оқуға түсушілер саны 2 мыңға артып, тестілеуге 36 мың адам қатысты.

Грант иегерлерінің тізімін сілтемеден көре аласыздар.

Back to top button