Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, жауын жауады

«Қазгидромет» синоптектері 20 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғысынша антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек оңтүстік-шығыс таулы аудандарында, сондай-ақ республиканың шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай болады. Республика бойынша желдің күшейюі, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында бұршақ болады, солтүстікте түңгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Жамбыл облысында күндіз таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарынданайзағай күтіледі. Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі, таулы аудандарда және облыстың батысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау облысы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Back to top button