1992 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына кірді; 1992 жылы Қазақстан мен Португалия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады; 1993 жылы Қазақстан мен Словакия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады; 1993 жылы Қызылорда облысында "Южказнефтегаз" бірлестігінің геологтары "Құмкөл" кен орнынан ірі мұнай кенін тапты; 1998 жылы Алматыда композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
Жүктелуде...