Нұр-Сұлтанда жаңа қалалық маршрут іске қосылады

Қала әкімдігінің тапсырмасымен, 19 тамыздан бастап «Орда базар» базары – «Үркер» алабы аралығына қатынайтын №45 жаңа қалалық маршрут іске қосылады.

Бағыттың қозғалыс сызбасы Алаш тас жолы арқылы өтеді: («Орда базар» базары) – Бөгенбай батыр даңғылы – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Мұхамедханов көшесі – Ш.Айтматов көшесі – Қорғалжын тас жолы – ары қарай «Үркер».

Атап өтілгендей, автобустарды нақты уақыт режимінде бақылау 2GIS қосымшасында да қолжетімді. Сонымен қатар, жолаушыларға маска тағу міндетті екенін еске саламыз.

Back to top button