Елімізге Ауғанстаннан 42 адам жеткізілді

Ауғанстаннан ел азаматтары эвакуацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеген. Ведомствоның хабарлауынша, 42 адам мінген ұшақ Алматыға қонды.

«18 тамыз сағат 17.00-де Қазақстанның әскери әуе күштері С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға қонды. 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан елшілігінің қызметкерлері келді «, – деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар әскери ұшақпен Қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланған.

Back to top button