«800 мың АҚШ доллары керек»: Танымал рэпер ауыл-аймаққа мектеп салмақ

Бахтияр Мамедов Jah Khalib атымен көпшілікке таныс.

«Лейла», «Медина» әндерімен танымал болған Jah Khalib әр облысқа мектеп ашуды армандайды. Бұл туралы Fametime TV бағдарламасында айтты.

– Бір қалаға емес, әр облыстағы ауылдарға мектеп салғым келеді. Оған қатысты жоспарларым да бар. Қазір мектептің жобалық үлгісі дайын. Жұмысты бастау үшін қаражат керек. Нақты қай ауылдардан бастайтыным да белгілі. Есептеп отырсам, 800 мың АҚШ долларын қажет ететін жұмыс екен, – дейді рэпер.

Әншінің айтуынша, Украинада пәтері мен Алматыда үйі бар. Алдағы уақытта Мәскеуге қоныс аударуы мүмкін немесе Алматыға қайта оралмақ.

Back to top button