Ақмола облысында шенеунік пара алып жатып ұсталды

Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев пара алып жатып ұсталды, деп хабарлайды «Көкшетау Азия» өңірлік порталы.

Шенеунік ҚР ҚК 366-бабы («Пара алу») бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

«Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы Димаш Таласбаев Алматыда 14 тамызда 13 млн теңге пара алып жатқан кезде ұсталды. Параның жалпы сомасы – шамамен 30 млн теңге.

Димаш Таласбаев 2020 жылғы сәуірде Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. 1969 жылы Көкшетау облысы Рузаевка ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Көкшетау ауылшаруашылық институтын бітірген. 2006 жылы «Фемида» заң академиясын «Заңгер»мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Гуманитарлық-техникалық академияны бітіріп, экономика магистрі дәрежесін алған.

Back to top button