Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде тағы да аспаннан вирус шашатын тікұшақ жайлы ақпарат тарады

Facebook-те Ақтау үстінен тікұшақтар вирус «шашады» деген хабарлама жарияланды. Бұл теорияны ҚР Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды stopfake.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, тікұшақтар оқу-жаттығуға жұмылдырылды. Олар вирус та, улы химикаттар да шашқан жоқ.

111 2

– Әскери даярлық жоспарына сәйкес, аптасына бірнеше рет барлық авиациялық базаларда ұшу дағдылары мен кәсіби шеберлік деңгейді қолдауға бағытталған оқу-жаттығу ұшулары өткізіледі. Ұшулар таңертең ерте басталады және ауа температурасы +35 градустан жоғары көтерілгенде аяқталады. Сондай-ақ ұшу құрамын даярлау бағдарламасында түнгі ұшулар қарастырылған. Әуежай Ақтау қаласына тікелей жақын орналасқандықтан, ұшу маршрутының бір бөлігі қала аудандарына жақын орналасқан, – делінген министрліктің ресми жауабында.

Сондай-ақ, әскери ұшақтар мен тікұшақтар қандай да болмасын сұйықтық шашу үшін қажетті арнайы аспалы жүйемен жабдықталмаған. ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК иелігінде бар аспалы жүйелер тек қана сумен толтыруға арналған және оларға басқа сұйықтықтарды құю мүмкін емес. Бұл жүйелер өрт сөндіру кезінде қол жетпейтін жерлерде дала, орман өрттерін сөндіру үшін қолданылады. Ұшақтар мен тікұшақтардан у шашу теориясы қастандық теориясын жақтаушылар арасында кеңінен таралған. Алайда жылдар бойы оған растау табылған жоқ.

Back to top button