Жаңалықтар

Вакцина алған Ақтаулық екі бөлмелі пәтер ұтып алды (видео)

Ақтау қаласында «Екпе ал да, пәтер ұтып ал» науқаны өз мәресіне жетті. Екі бөлмелі пәтерді Қайрат Қосаев ұтып алды, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Бір жарым айға созылған науқанның қорытындысы «Mangystau» телеарнасында тікелей эфирде жарияланды. Жеңімпаз Қайрат Қосаев 1994 жылы дүниеге келген. Ақтау қаласына Түрікменстаннан көшіп келген. Айтуынша, қазіргі таңда нағашысының үйінде тұрып жатыр. Ал ата-анасы Түрікменстаннан көшіп келуді жоспарлап отыр.

«Ұйымдастырушыларға көп рақмет. Бастапқы уақытта бұл науқанға сенбеген едім. Қазір шынайы екеніне көзім жетіп отыр. Қуаныштымын. Жеке баспанам жоқ еді, енді ата-анам Ақтауға көшіп келгенде тұратын үйі дайын. Тіпті, қазір қуаныштан қобалжып отырмын», – дейді жеңімпаз Қайрат Қосаев.

 

Back to top button