“Сәбилер мен қарт кісілердің жүрегі қысылды”: SCAT ұшағының ақауынан 200 адам елге қайта алмай отыр (видео)

SCAT ұшағынан тағы да ақау шықты

SCAT әуекомпаниясының Анталия – Нұр-Сұлтан бағытындағы 476 нөмірлі чартерлік рейсіндегі келеңсіз оқиғаның салдарынан 200 қазақстандық елге қайта алмай отыр. Компанияның салғырттығынан ұшақта сәбилер мен қарт кісілердің жағдайы да нашарлаған.

Бұл туралы сол ұшақтағы жолаушылардың бірі баяндап берді.

a37359d7 7169 41ee 835a d0f35be30630

Ұшақ Анталия уақытымен 13:00-де ұшуы керек болған. Басында 200-ге жуық жолаушыны отырғызу 1 сағатқа кешіктірілді, оған қоса ұшаққа мінгеннен соң 1 сағаттан кейін ұшақта ақау бар екенін капитан хабарлады. Ол кезде салқындату жүйесі де жұмыс істемеді. Кішкентай сәбилер, үлкен кісілер жүректері қысылып, ұшақта үлкен абыр-сабыр болды. Бір сағат отырған соң рейс жасалмайтыны туралы хабарланып, жолаушылар қайтадан Анталия әуежайына жеткізілді. Ұшақтың қай уақытта ұшатыны белгісіз, 200 қазақстандық Анталиядан елге қайта алмай отыр, – дейді жолаушы.

Back to top button