Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мұғалімдер арасында екпе егу науқаны қарқынды жүріп жатқанын айтты. «Бүгінде педагогтар 100% екпе алды. Осындай жұмыс жоғары оқу орындарында да жүргізілуде. Студенттерді вакцинамен қамту – 28%. Студенттердің көпшілігі сырттан келетініне байланысты (167 мың студенттің 100 мыңнан астамы) иммундау жұмысы нашар жүріп жатыр», – деді Н. Табынбаев. 1 ақпан мен 27 шілде аралығында Алматыда екпенің I компонентін 690 711 адам алған. Мегаполистегі медициналық ұйымдарда, мектеп, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 212 вакцина пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). Соңғы тәулікте қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 250 науқас тіркелді. Соның 1 166-сы симптомсыз, 84-і симптомды.
Жүктелуде...