Алексей Цой коронавирус инфекциясының жаңа штамы пайда болғанын хабарлады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, әлемде коронавирус инфекциясының жаңа штамы пайда болғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі telegram желісінде хабарлады.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Перуде алғаш рет 2020 жылғы желтоқсанда табылған және 30 елде, негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Еуропа елдерінде анықталған «Лямбда» штамының анықталуы мен айналымы туралы мәлімдеді», – деді А.Цой.

Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес еліміз 26 маусымнан бастап қызыл аймақта. Қызыл аймақта 15 өңір, сары аймақта екі өңір – Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.

Back to top button