Арқалық қаласында «Лада 2121» автокөлігінің 1984 жылғы жүргізушісі 1978 жылғы электр самокатпен келе жатқан азаматты қағып кеткен. Ол алған жарақаттардан жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды, - деп мәлімдеді Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Виталий Цой. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, облыста жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында 13 шілде мен 12 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы жүргізілуде. Шілде айында өңірде 7 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 6 адам зардап шекті.
Жүктелуде...