Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті халықаралық байқауда топ жарды

Таяуда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық өнер» факультетінің 4-курс студенті Жұбан Ерназар Румынияның Браила қаласында өткен «Георгий Григориу (George Grigoriu)» атты халықаралық поп-музыка фестиваліне қатысып, 1-орынды жеңіп алды.

Ол бұған дейін 2020 жылы Болгария елінің Добрич қаласында өткен халықаралық «Сарандев» вокалдық байқауында да 1 орынды иеленген болатын.

XVI рет ұйымдастырылып отырған фестиваль биыл 16-18 шілде аралығында өтті. Жиырма конкурсант іріктеліп, гран-приді Италия иеленді.

«Байқау өте жоғары деңгейде өтті. Мұндай сапалы конкурстар өте аз дер едім.  Конкурсантттар шығармаларды жанды дауыста инструменталды бендтің сүйемелдеуімен орындады. Байқау екі күнге созылды. Бірінші күні ашылуымен қатар, алғашқы ондық өнер көрсетті. Мен байқаудың екінші күні, 2-реттік нөмірмен сахнаға шықтым. Қазақ және румынь тілінде 2 ән орындадым. Біріншісі – Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар» әні болса, румынь тілінде «Еternitate» (Мәңгілік) деген ән таңдалды. Бір қызығы, байқау біздің елдегідей таңертең емес, кешкі уақытта өтеді екен. Сол жағы да өте ыңғайлы болды. Дауысымыз ашылып, дайындалғанға біраз көмегін тигізді ,-дейді жеңімпазымыз.

Жұбан Мэлсұлы Ерназар 1996 жылы  Атырау облысы, Индер ауданы, Аққала ауылында дүниеге келген. Ауылдағы орта мектепті бітірген соң, 2014 жылы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына Эстрада өнері (Эстрада вокалисі) мамандығына оқуға түсіпті. Қазіргі уақытта сабақты алып жүруімен қатар, Алматы қаласы әкімінің Эстрадалы-симфониялық оркестрінде әнші болып шеберлігін шыңдауда. Оркестрмен көптеген республикалық, халықаралық жобаларға қатысып, байқаулардың биігінен көрініп келеді.

whatsapp image 2021 07 21 at 17.16.43 e1626866836242

Ерназар, одан бөлек түрлі байқаулардың биігінен көрініп жүр:

2017 жылы Астана қаласында EXPO көрмесі қарсаңында Қазақстанның және Италияның 1200 музыканттарынан құралған үлкен ұжыммен Густав Маллердің 8 симфониясын орындаған;

2017 жылы Орал қаласында өткен облыстық «XIII Дельфий» ойындарының эстрадалық ән аталымы бойынша 1-орын иегері;

2017 жылы Самара қаласында өткен халықаралық «На крыльях музыки» байқауының 1-орын;

2017 жылы Петропавл қаласында өткен Республикалық «XIII Дельфий» ойындарының эстрадалық ән аталымы бойынша 3-орын;

2017 жылы Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың V республикалық патриоттық форумында «Мәңгілік ел – мұратым!» патриоттық әндер байқауында 2-орын иеленген;

2018жылы Оренбург қаласында өткен халықаралық «XXIX На Николаевской 2018» байқауында «Халық әні» аталымы бойынша 1-орын;

2018 жылы Оренбург қаласында өткен халықаралық «XXIX На Николаевской 2018» байқауы «Эстрада және Джаз» аталымы, 2-орын;

2018 жылы Астана қаласында өткен «Мосты согласия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Үздік студент» жобасы аясында шығарылған «Жас қыран» атты талантты студенттердің I- кітап жинағына енген;

2019 жылы Астана қаласында өткен «Топжарған» тележобасына қатысты

2020 жылы өткен Х-фактор жобасының финалисті атанған;

2020 жылы Болгария елінің Добрич қаласында өткен халықаралық «Сарандев» вокалдық байқауына қатысып, 1-орын иеленген.

 

Back to top button